altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Фестиваль бақ сынауға шақырады
02.11.2021
1127
0
 
Қостанайлықтардың смартфон арқылы 5 минуттық кино түсіріп, режиссерлік, операторлық және актерлік шеберліктерімен танылуына мүмкіндік бар. Қазір облыста Мобильді кино фестиваліне өтінім қабылдау жалғасып жатыр.
 
Фестивальге жасы 16-дан асқан, бойында қабілеті, қалтасында смартфоны бар облыстың кез келген тұрғыны қатыса алады. Алайда шағын фильмде әуесқой автордың шығармашылық ізденісі айқын көрінуі тиіс. Нақтылай айтқанда, ол сценарист, режиссер, оператор, монтажшы, тіпті актерлік шеберлігін бір фильмде біріктіруі керек. Фестиваль бастамашысы, танымал режиссер Фархат Серкебаев қабілетін сынап көруге ниеттенген қатысушылардың қатары күннен-күнге көбейіп жатқанын айтады. Үміткерлер "Үздік режиссура", "Үздік операторлық жұмыс", "Үздік сценарий", "Үздік актер", "Үздік әлеуметтік ролик", "Үздік мотивациялық ролик", "Үздік комедия", "Көрермендер көзайымы" атты 7 аталым бойынша бақ сынасады. «Жобаның басты ерекшелігі сол – кез келген адам өз фильмін мобильді құрылғысына түсіре алады. Ол үшін үлкен түсірілім тобы да, аппаратура да, арнайы алаң да қажет емес. 5 минуттан аспайтын фильммен байқау жеңімпазы атануға әркімнің мүмкіндігі бар.

Жанрлық шектеу де жоқ. Ол әлеуметтік драма бола ма, әлде комедия ма, ең бастысы, идеяға мән беріледі. Ауқымды жобамызды "Қазақфильм" киностудиясы қолдап отыр", — дейді Ф.Серкебаев. Байқауға материал қабылдау 15 қазанда басталған. 10 қарашаға дейін жалғасады. Фестивальдің сайты ашылды. Қатысуға ниет білдірген әрбір үміткер сол сайт арқылы өтінім толтырып, видеосын жүктей алады. Ереже-шарттарын естеріңізге салсақ, фильм смартфонмен ғана түсірілуі тиіс. Киноның тек 20%-не дрон немесе экшн-камера қолдануға рұқсат беріледі. Жарық, кран, түсірілім арбалары және басқа қосымша құрылғыларды пайдалануға болады. 2-5 минуттық фильм киноматографиялық сипатқа ие болуы керек. Картинада бірнеше кейіпкердің болуы да талап етіледі. Түсірілімнің жоғары сапалылығына баса назар аударылады. MP4 (H264), MOV, WMV, AVI тәрізді форматтағы фильмдер ғана қабылданып жатыр. "Бір автор жаңа тіркеу формасын толтыра отырып, бірнеше видео жолдай алады. Әр материал жеке түсірілім ретінде қаралады.

Авторлардың пост-продакшн кезеңінде визуалды немесе дыбыстық әсерлермен безендіру үшін әртүрлі арнайы бағдарламаларды пайдалануға мүмкіндігі бар. Ең бастысы, фильм тек осы фестиваль үшін түсірілуі керек. Бұрын түсірілген, фестиваль тематикасына сай келмейтін материалдар қабылданбайды. Басты ескерерлігі, әр фильмнің атауы, слоганы және 20 секундтық трейлері болуы шарт", — дейді Ф.Серкебаев.

Ұйымдастырушының айтуынша, фестивальдің бастапқы мақсаты Тобыл өңірінің тұрғындары арасынан үздіктерді іріктеу-тін. Бірақ, соған қарамастан, сайтқа Алматы, Шымкент, Тараз, Орал қалаларының тұрғындары да материалдарын жүктеген. Сондықтан, екпінді Қостанай облысына салып, әлі де көп қатысушының өтінім беруін күту жоспарда бар. "Осы күнге дейін 80 шақты материал қабылданды. Соның 40-тан астамы – қостанайлықтардың жұмысы. Ішінде өте жақсы туындылар бар. Енді қазіргі уақытта кейбір азаматтардан "қабылдау мерзімін 15 қарашаға дейін созсаңыздар, үлгермей жатырмыз" деген өтініштер айтылып жатыр. Бұл ұсыныс та қаралатын болады.

Өйткені, біз осы байқау аясында қостаналықтарды көбірек қамтығымыз келеді", — дейді режиссер. Ал, негізі, ереже бойынша, 10-20 қараша аралығында іріктеу айналымы өтіп, 26 қарашада жеңімпаздар марапатталуы тиіс. Бұл іс-шараға республикадан қазылар шақырылады. "Қазылық жасауға "Қазақфильмнің" вице-министрі Айдархан Әділбаев, танылам актерлер –Мұрат Бисембин, Айнұр Нұрсейіт және белгілі журналист Майя Бекбаева және басқалары келеді деп жоспарларып отыр, — дейді Ф.Серкебаев. — Жеңімпаздарға монтаж жасауға арналған компьютер, 13 Айфон, дрон секілді бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Ең бастысы, бұл фестивальдегі жеңіс олардың болашақта кино әлеміне бой ұруларына үлкен серпін береді деп сенеміз". Фестиваль басталар алдында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қазақтың алғашқы киносы Тобыл-Торғай өңірімен тікелей байланысты екенін сөз етіп, жерлестеріне сәттілік тілеген еді. "Ұлттың тұңғыш фильмі "Амангелді" әйгілі батыр Амангелді Имановқа арналып түсіріліп, басты рөлде Елубай Өмірзақов ойнады. Екеуі де біздің жерлестеріміз.

Сценарийін көрнекті қаламгер Бейімбет Майлин жазды. Ол да қостанайлық. Сондықтан қазақ киносы бастауын Қостанай облысынан алады. Осы керемет тарихи дәстүр қайта жалғасын тапса дейміз. Өңірімізде осы фестивальде ерекше қабілетін көрсете алатын дарынды жастар өсіп келе жатқанынан сенімдімін", — деген болатын Ерлан Болатұлы. Бұған біздің де шүбәміз жоқ. Осы фестиваль талай бұлақтың көзін ашады деп үміттенеміз.
 
Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.kz
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру