Мен, Садуакасов Шынгыс Рахимжанович, 1990 жылы 25 сәуірде Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында дүниеге келдім.
1997–2006 жылдар аралығында Жангелдин ауданы, Сужарған ауылындағы Қ.Қойдосов атындағы орта мектепте білім алып, 9 сыныпты аяқтадым.
2006–2009 жылдары Арқалық қаласындағы «Арқалық экономика және құқық колледжінде» «Салық ісі маманы» мамандығы бойынша білім алдым.
2009–2012 жылдары «Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде» «Қаржы» мамандығы, «Салық және салық салу» мамандандыруы бойынша оқып, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін иелендім.
Еңбек жолымды 2011 жылы Жангелдин ауданы, Сужарған ауылының мәдени клуб меңгерушісі қызметінен бастадым.
2011–2012 жылдары осы қызметті атқардым.
2013–2019 жылдар аралығында «Жангелдин ауданының Сужарған ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқардым.
2019–2021 жылдары «Жангелдин ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ауыл әкімі қызметінде болдым.
2021 жылдың наурыз–маусым айлары аралығында Жангелдин ауданының мәдениет және тілдер бөлімінің «Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде» бағдарламашы болып жұмыс істедім.
2021 жылдың шілде–тамыз айларында Жангелдин ауданының «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры қызметін атқардым.
2021 жылдың желтоқсан айынан 2026 жылға дейін «Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі» ММ-нің әртіс қызметінде болдым.
2026 жылдан бастап «Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі» ММ-нің директоры лауазымын атқарып келемін.
Отбасылық жағдайым: отбасылымын. Бес баланың әкесімін.