«Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі» ММ ғимаратында 9 сәуір күні еңбек ардагерлері мен жастардың алғашқы кездесуін өткізді. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ауданның 85 жылдық мерейтойына орайластырылды. Ұйымдастырушылар "Бұл біздің сізбен өмірбаян" деп аталған кездесуге аудан орталығы Әйет ауылының тұрғындарын шақырды. Олар аудан құрылған жылы туылған кісілер. Көптеген жылдар бойы олар мемлекет игілігі үшін жұмыс істеді. Шәй үстінде қатысушылар аудан тарихы туралы естеліктерімен бөлісті. Кездесу диалог форматында өтті, тәуелсіздік құрдастары өз сұрақтарын қойып, ардагерлердің әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады, оларға алғыс сезімдерін білдірді. Мәдениет үйінің қызметкерлері шақырылғандарға жаксы әндер жолдады. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған кітап көрмесі, сондай-ақ өлкетану мұражайының фото көрмесі үлкен қызығушылық тудырды.