Әйет ауылының орталық алаңында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шара өтті.Іс-шара республикамыздың Әнұранын орындаудан басталды. Туды көтеру және әнұранды орындау бүкіл ел бойынша бір уақытта жүргізілгенін атап өткен жөн. Аудан әкімі Қайсар Батырханұлы Мыржақыпов құттықтау сөз сөйледі. Бағдарламаны аудандық мәдениет үйінің әртістері жалғастырды. Маңызды іс-шара ТЖ, ӨСБ және құқық қорғау органдары өкілдерінің, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттарының, аудан ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің, аудан мектептерінің оқушыларының қатысуымен өтті. Мұның бәрі қатысушылар мен көрермендер арасында бірлік, мақтаныш пен патриотизм атмосферасын қалыптастырды.