Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралардың жалғасы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының "Қаламгер" қойылымы болды. Спектакль қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылар, жазушы Бейімбет Майлиннің қиын тағдыры туралы баяндайды.