Бүгін, 14 қарашада жазушы және қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің ескерткішінде оның туғанына 130 жыл толуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев, аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері және жазушының ұрпақтары қатысты. Ескерткіште Қазақ әдебиеті тарихында өшпес із қалдырған Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы әсерлі сөздер мен естеліктер айтылды. Салтанатты рәсімге қатысушылар халықтың ұлы ұлының мұрасына ризашылықтарын білдіріп, құрметпен гүл шоқтарын қойды.