Қарттар күнін ерекше атап өту жақсы дәстүрге айналған. Бұл күн құрметке лайық, даналықтары мол, төзімді жандарға арналған.
Қарттар күні – жарқын мереке, ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің мерекесі. Бұл мереке қоғамды ғана емес, қамқорлық пен ілтипатты қажет ететін адамдардың бар екенін еске салады. Бұл күні өткізілетін мерекелік іс-шаралар егде жастағы адамдарға жандарына жәй тауып демалуға, қарым-қатынас жасауға, ал біреуге жалғыздықты жеңуге мүмкіндік береді.
1 ққазаан күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік концерт өтті.
Аудан әкімінің орынбасары мерекелік шараға жиналған барша қауымды құттықтады. Ерболат Ыбраев өз сөзінде ардагерлерге әскери және еңбек ерліктері, республиканың, ауданның, туған ауылдың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, мейірім мен ұзақ ғұмыр тіледі. Ауданның ең белсенді зейнеткерлеріне Алғыс хаттар табыстады.
Ардагерлер мен зейнеткерлерге алғыс сөзбен аудан ардагерлері кеңесінің төрайымы Раиса Овчарова да сөз сөйледі.
Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдарының өнері көрермендердің көңілінен шықты. Көрермендерге мерекелік бағдарлама жағымды әсер қалдырып, керемет көңіл сыйлады.