20 маусым күні Ұлттық домбыра күніне арналған "Күй шеруі" акциясы өтті.
Ауданының 100 домбырашыдан құрылған өнерпаздарды орталық алаңда 7 күй орындап, концерт берді. Аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ыбраев құттықтап, акцияға қатысып белсенділік танытқан, өз шеберлігін көрсеткен өнерпаздарға ризашылығын жеткізді. Аудан әкімінің алғыс хатымен Жітіқара ауданының, Лисаков қаласының домбырашыларын марапаттады. Ауыл ақсақалы Кенжебек Ерғалиұлы жиналған халыққа өз батасын берді. Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Айбек Балтабаев пен Танатқан Жүрсінді Алғыс хатпен марапаттап, еңбектерін еледі.