12 маусым күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде – Әкелер күні өтті.
Жиналғандар алдында аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ыбраев сөз сөйледі. Ол мерекенің идеясы отбасылық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөліне назар аудару екенін атап өтті. Е. Ыбраев өз сөзінде мерекенің негізгі мақсаты - әкенің отбасындағы беделін еске түсіріп, құттықтап, биіктете түсу, оның бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру. Әкеде, аналарымыз секілді, әр адамның өміріндегі ең басты байлығы. Іс- шара аясында белсенді әкелер марапатталып, мерекелік концерт ұсынылды.