Қаржыгерлер қызметкерлері күніне мен ұлттық валютаның 30 жылдығына орай мерекесі 15 қарашада аудандық мәдениет үйінде атап өтті.
Өңірдің экономика және қаржы саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен әкімнің экономика жөніндегі орынбасары Төлепберген Оразтаев құттықтап, ауданның қарқынды экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.
Сондай-ақ, Т.Оразтаев ардагерлер мен сала қызметкерлерінің тобына аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.
Салтанатты шара жергілікті әртістер қатысқан мерекелік концертпен аяқталды.