Республика күніне орай Әйет ауылында, мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Оған Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қайсар Мыржақыпов, аудан орталығының тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Туды көтеру кезінде Мемлекеттік Әнұран орындалды. Салтанатты іс – шара ұлттық мереке-Республика күнін мерекелеуге ресми бастама берді. Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік туды көтеру рәсімі еліміздің барлық өңірлерінде өтті.