6 қазан күні Халықаралық пошта күні қарсаңында Бейімбет Майлин ауданының пошта байланысы торабының ғимаратында мерекелік іс-шара өтті. Дәл осы күні, 30 жыл бұрын, яғни 1993 жылдың 6 қазанында аудандық пошта байланыс торабы құрылған болатын. Сол себептен атаулы екі мереке бір күнде тойланды.
АПБТ басшысы Айгүл Мәдиева өзінің құттықтау сөзінде пошта қызметкерлерінің ауданның дамуына қосып жатқан ерен еңбектерін атады. Құрмет Грамоталарымен және Алғыс хаттармен бірнеше белді қызметкерлер және еңбек ардагерлері марапатталды.
Құттықтауға келген аудандық мәслихат депутаттары, ұжыммен тікелей байланыстағы мекемелер басшылары жылы лебіздерін білдірді. Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ән-шашуларымен пошта қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.