Елімізде тойланатын көптеген мерекелердің ішінде Аналар күні ерекше орын алады. 15 қыркүйек күні Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінде ауданның белсенді аналарын марапаттауға арналған мерекелік іс -шара өтті.
Мерекелік бағдарламаның жүргізушілері Танатқан Жүрсін мен Диана Әбжанованың жылы, әсерлі, толғандырар сөздерінен Аналарға деген мейірім байқалып тұрды. Залға жиналған аналарды аудан әкімінң орынбасары Қалыбек Жұмашев құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде Қ. Жұмашев аналарға болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеуге қосып отырған үлестері үшін ризашылығын білдіріп, денсаулық және бақыт тіледі.
Белсенді деген он бес ананы аудан әкімінң алғыс хатымен марапаттады. Жалпы, құттықтау сөздерімен қатар жиналған қауымды мәдениет үйінің қызметкерлері жалынды музыкалық сәлемдерімен толықтырып отырды. Кішкентай әнші Шерхан Ұшқынұлы және Таңатқан Жүрсін, Айбек Балтабаев, Марк Забелин, және Айман Зыбалевалардың лирикалық әндері мен музыкалық шығармалары көрермендердің көңілінен шықты.
Іс-шара «Үміт-2050» қоғамдық қорының, «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылды.