29 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған " Ата Заң – алтың тұғырым!» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шараның салтанатты бөлімінде әкім Мыржақыпов Қайсар Батырханұлы барлығын мерекемен құттықтап, аудандық ұйымдардың үздік қызметкерлеріне обылыс және аудан әкімінің грамоталарын табыс етті. "Адами келісім мен бейбітшілікке ұмтылу әрбір қазақстандықта өмір сүреді" деп Қайсар Мыржақыпов өз сөзін қорытындылады.
Мәдениет қызметкерлері өз кезегінде көрермендерді жақсы шығармашылық нөмірлермен қуантты. Мерекелік концерттің жүргізушілері атап өткендей, негізгі Заң-қоғамымыздың тұрақтылығының кепілі.