Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымы аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелер арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спартакиадаға белсене қатысты.
7 ақпанда балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 19-шы спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті. Шараның басты мақсаты – мекеме қызметкерлерін спортқа тарту, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау болды. Ұжымдық командалар арасында: жалпы білім беретін мектептер, орталық аудандық аурухана және «Қазақтелеком» АҚ, АІІБ, аудан әкімдігі және Әйет ауылдық округі, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімдері. Спортшыларға жарқын жеңістер тілеп, салтанатты ашылу рәсімін аудан әкімінің орынбасары Марат Әлмағамбетов ашты. Ал мәдениет үйінің қызметкерлері қатысушыларды әндерімен құттықтап, сахналық киімдерін спорттық киімдерге ауыстырып, ойынға қосылды.