Оқушылардың күзгі демалысы... Осы демалысты балалар ата-аналарымен асыға күтеді. 2 қараша күні Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері балалардың демалысын пайдаланып, оларға арнап «Волшебные слова» атты интерактивтік спектакль ұсынды. Танымдық ертегі кейіпкерлері Сауысқан, Гном, мейірімді Қоян, ақылды Саңырауқұлақ балаларды мейірімділікке, татулыққа үйретті.
Ал көңілді әуен, ойындар, билер балалардың көңілдерін көтерді. Осы іс-шара негізінен балалардың демалысына жақсы серпін берді.