Тұрғындардың барлық топтарын дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында 15 қыркүйек күні аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінен құрылған командалар және Бейімбет Майлин ауданы бойынша пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған тұлғалар командасы арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті.
Спорттық кездесу Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өтті.
Спорттық шараның ұйымдастырушысы - «Үміт – 2050» қоғамдық қоры. Қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасова өз сөзінде салауатты өмір салтын насихаттау шараларының маңыздылығын атап өтті.
Жолдастық кездесудің қорытындысы бойынша Мәдениет үйінің екі командасы бірінші және екінші, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардан құралған команда үшінші орынды иеленді. Мәдениет үйінің ұжымы жеңіске иеленген әріптестерін құттықтайды!