Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі, бұл мемлекеттік тәуелсіздікті жүзеге асыру идеясының жаршысы. Біздің мемлекетіміздің рәміздері оның егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің, топтасуы мен жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылысының даусыз дәлелі болып табылады. Мемлекеттік рәміздердің туған күні қарсаңында, 3 маусым күні Әйет ауылында орталық алаңда мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына орай "Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің нышаны" атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының үлкен матасын салтанатты түрде шығарудан және мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Шараға қатысушыларды аудан әкімі құттықтады. Қайсар Мыржақыпов өз сөзінде мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті екенін атап өтті. Ту, Елтаңба және Әнұран-бұл жай ғана рәміздер емес, бұл тарихи өткенді бейнелейтін туған үйдің бейнесі. Іс-шараны аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Б.Майлин, Е. Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйі, Жастар ресурстық орталығы, аудан орталығының ұйымдары мен мекемелері қызметкерлерінің, сондай-ақ жастардың белсенді қатысуымен ұйымдастырды.