Әбеуов Жаңабай-ән айтудан бөлек домбырада ойнайды.
Жаңабай үнемі шығармашылық ізденісте жүреді, оның концерттік бағдарламасы үнемі жаңарып отырады, музыкаға деген махаббаты залда отырған барлық көрермендерге беріледі. Қойылымдар жақсы көңіл-күйде өтеді және ұзақ уақыт есте қалады. Көпжылдық және шығармашылық жолы үшін аудан әкімінің және «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің»алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған.