Найзагаринева Карина – көркемөнерпаздар шығармашылығының жас қатысушысы.
Найзагаринева Карина - орындаушы ретінде өте жарқын, эмоционалды. Оның репертуарында әр түрлі сипаттағы және күрделілік деңгейіндегі әндер бар, ол лирикалық әннен бастап заманауи композицияларға дейін көңіл-күйдің барлық нюанстарын жеткізе алады. Көптеген облыстық конкурстар мен фестивальдардың қатысушысы. Карина Нұр-сұлтан қаласында өткен «Ұлы дала дауысы» республикалық онлайн конкурсына қатысқаны үшін 3 орын дипломын иеленді. Қамысты ауданы әкімінің грамоталарына және «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» алғыс хаттарына ие.
