Итесова Анара - репертуарында орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі әндер бар.
Анара әндер мен әуендерді тез есте сақтаудың керемет қабілеттеріне ие, сонымен қатар жақсы музыкалық есте сақтау, музыкалық және гармоникалық есту қабілеті бар. Сахнада өте көркем, әдемі сөйлей, қозғала алады, орындаушылық шеберліктің негіздерін біледі және түсінеді. Аудандық және облыстық деңгейдегі іс-шараларда, концерттерде және конкурстарда вокалдық топтар құрамында да, солист түрінде де тұрақты өнер көрсетеді. Өнер көрсету нәтижелері мен белсенді шығармашылық қызметі үшін бірнеше рет аудан әкімінің және «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.
