altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
20.07.2026
183
0
Қостанайда қала күні әдеттегідей тамыз айында тойланады. Биыл шаһардың 147 жылдығын мерекелейміз.
 
Қала әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов дүйсенбілік аппарат кеңесінде айтулы күннің мәдени бағдарламасын таныстырды. Оның айтуынша, көңілді концерттер тек қала орталығында ғана емес, шағын аудандардың тұрғындарына да қолжетімді болуына ерекше назар аударылған. Барлығы 30-дан астам іс-шаралар жоспарланып отыр.
 
— «Бағдарламаны дайындау барысында біз қала күнін концерттік іс-шаралар ғана емес, барлық жастағы тұрғындарды біріктіретін, әр адамның талғамына сай алаң табуға мүмкіндік беретін ерекше формат әзірлеуге тырыстық. Қостанайдың мәдени бірегейлігін, оның бай тарихын, заманауи жетістіктері мен даму перспективаларын баса көрсететін ауқымды қоғамдық оқиға ретінде өткізу міндетін қойдық», – деп түсіндірді ол.
 
Әкімдік ұсынған бағдарламаға қысқаша шолу жасар болсақ, жоспарлы кештер 14-тамызда ресми бастау алады. Сол күні Сити-орталықта ARTBAZAR атты қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтпек.
 
«Ботай – Ұлы дала мәдениеті» деген атаумен Солтүстік Қазақстан облысының музейі көшпелі көрме ұйымдастырады. Әйгілі энеолит дәуірінің археологиялық ескерткішіне жататын ежелгі Ботай қонысының тарихы көрушіге қызықты болары сөзсіз. Кітап көрмелері облыстың 90 жылдық мерейтойына арналмақ. Ол жерде танымал авторлардың еңбектерін өндірушілердің бағасымен сатып ала аласыз. Күндіз Байтұрсынов көшесінде «Kostanay Book Fair» кітап көрмесі есігін айқара ашпақ. Белгілі ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің кітабының тұсаукесері, қостанайлық авторлар Серікбай Оспанов, Александра Суслова, Абылай Мауданов пен өлкетанушы Шөптібай Байділдинмен кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Қаланың Құрметті азаматы атағын табыстау рәсімі де жылдағы дәстүрден танбай, өз кезегімен ұйымдастырылмақ.
 
— «Маңызды іс-шаралардың бірі ретінде – балалар арасында құқықтық сауаттылық пен жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Жас жол инспекторларының халықаралық жиынын атаймыз. Оған Қазақстанның барлық өңірінен іріктелген жеңімпаз 20 команда, сондай-ақ ТМД елдерінен (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан) келетін алты команда қатысады», – деді Мәжит Шүленов.
 
Қостанайдың негізгі фишкасына айналған «Алтын микрофон» халықаралық байқауы биыл 22 рет өнерпаздарды жинайды. Салмақты жобада шетелдер мен еліміздің әр өңірінен мықты деген 68 орындаушы бақ сынайды. «Супер марафон» қатысушылары бесінші рет бас қоспақ.
 
Дәстүрге айналған экскурсия автобусы сағат 15:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қала ішін аралап, тәжірибелі музей қызметкерлері көшелер тарихынан, ежелгі сәулет туындылары мен заманауи нысандар жайлы сырт шертпек.
 
«Мирас» мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әуежай, КСК, Қостанай-2 шағын аудандар мен Дружба, Қонай тұрғын алабтарына барып, концерттік қойылымдарын ұсынады. Бұл күні кешкі концерт қаланың екі жеріне: «Ұлы дала» саябағы мен орталық алаңға жоспарланған. Сағат 18:00-ден бастап «Караван» вокалды-аспаптық ансамблі, 19:00-ден бастап «Jasstar.kst» қалалық байқауының жүлдегерлері «Ұлы дала» саябағын ән мен күйге бөлейді. 20:00-де қарағандылық «Ветер перемен» тобының өнерін тамашалай аласыздар. Ал орталық алаңдағы концерт сағат 17:00-де «Сағындым, Қостанай» фестивалімен басталады. Әрі қарай жергілікті орындаушы Арыстан Құрмановтың шығармашылығына кезек беріліп, қалалық эстрада-джаз оркестрі түнгі Қостанайды әуенмен әлдилейді. Осылайша, мерекелік бағдарламаның алғашқы күні мәдени, тарихи, шығармашылық іс-шаралармен кестеленеді.
 
15-тамыз сенбі күні интерактивті алаңдар, шеберлік сағаттары, балалар флеш-мобы, әртүрлі спорттық сайыстар қарастырылған. Соның ішінде ұлттық қазақ күресінен мықтылар сынға түседі. Негізгі мерекелік концерт дәл осы күні кешке жоспарланып отыр. Оған қазақстандық танымал эстрада жұлдызы Батырхан Мәліков шақырылыпты. Тыңдармандар арасында Alem атымен белгілі өнерпаз туған өлкесіне қонаққа келіп, түнгі сағат 21:00-де сахнаға шығады. Ал 23:00-де отшашу.
 
Мерекенің үшінші күні 16-тамыз спорт және салауатты өмір салтына бағытталады.
 
— «Қала күнінде халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтеді. Сондықтан жоспар алдын ала пысықталып, бәрі бақылауда болуы тиіс. Түнгі отшашу кезінде азаматтардың қауіпсіздігі жіті назарға алынсын. Мереке күндері қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалау қалалық полиция қызметіне жүктеледі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі түнгі мезгілде автобустардың жүру уақыты мен бағытын осы бастан анықтау қажет», – деген қала әкімі Марат Жүндібаев тиісті бөлімдерге арнайы тапсырмалар жүктеді.
 
Үш күнге шақталған мерекелік іс-шаралар негізгі үш алаңда өрбитінін тағы бір мәрте еске саламыз. Олар – облыс әкімдігі алдындағы алаңда, «Ұлы дала» саябағында және сити-орталықта. Сондай-ақ қаланың барлық шағын аудандары мен әр бөлігінде түрлі бағдарламалар қарастырылған.

 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген – Василий ВАСИЛЬЕВ
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Заңды мекенжайы:
Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 119
 
Телефоны:
8 (7142) 26-72-28
 
Электронды мекенжай:
miras2020@mail.kz
miras_dkost@mail.kz
 
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру