altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда майдангерге құрмет көрсетілді
06.05.2026
329
0
Жеңіс күні қарсаңында «AMANAT» партиясының мүшелері соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіп, тағзым ету іс-шарасын өткізді.
 
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберіндегі іс-шараға партияның Қостанай облыстық филиалының төрағасы Алмат Досмұхамедов пен облыстық мәслихат депутаты Қырмызы Жаңбыршина қатысты. Партия өкілдері майдангер, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Михаил Иванович Подоляковқа арнайы барып, оны келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
 
Кездесу барысында Михаил Иванович сұрапыл соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. 1925 жылы Половниковка ауылында дүниеге келген ол, 1942 жылы жасы толмағанына қарамастан, досымен бірге майданға аттанған эшелонға жасырын мініп кеткенін тебірене еске алды. Кейіннен танк училищесін тәмамдап, Солтүстік-Батыс, Воронеж, Степной, Орталық және 2-ші Украин фронттарындағы шайқастарға қатысқан ардагер соғыс даласында үш мәрте ажал аузынан қалған сәттерін айтып берді. Михаил Иванович тек майданда ғана емес, бейбіт өмірде де ел игілігі үшін тер төгіп, 50 жылдан астам уақыт статистика саласында еңбек етті, оның ішінде 30 жыл бойы облыстық басқарманы басқарды.
 
«Біз үшін Михаил Иванович сияқты аңыз адамдармен жүздесу – үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Оның тағдыры – нағыз ерлік пен Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Бозбала шағында өз еркімен майданға аттанып, танк тізгінінде сұрапыл шайқастарды бастан өткеруі, кейін бейбіт уақытта жарты ғасыр бойы ел дамуына үлес қосуы – кейінгі ұрпақ үшін таптырмас өнеге мектебі. «AMANAT» партиясы ардагерлеріміздің аманатын арқалап, олар орнатқан бейбітшілік құндылықтарын дәріптеуді өзінің басты парызы санауды жалғастыра береді. Біздің басты мақсатымыз – осындай қаһарман тұлғалардың есімін ұлықтап, оларға лайықты құрмет көрсету», – деді Алмат Досмұхамедов.
 
Партия мүшелері ардагердің өнегелі өмір жолы мен жауынгерлік ерлігі бүгінгі жастар үшін нағыз отансүйгіштіктің үлгісі екенін атап өтті. Бұл кездесу тек құрмет көрсету ғана емес, ұрпақтар сабақтастығы мен рухани байланыстың жарқын көрінісіне айналды. Айта кетейік, аталған игі шараға партия активі, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, 6697 әскери бөлімінің сарбаздары мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері де атсалысып, қарияға ерекше құрмет көрсетті. Ардагерлердің қаһармандығы мен маңдай терімен келген Жеңіс бүгінгі бейбіт өміріміздің берік негізі екені тағы бір мәрте айқын аңғарылды. Кездесу соңында қария ақ батасын беріп, ел іргесінің бүтіндігі мен бейбітшілікті тіледі.
 
 
Ақерке АРЫСТАНБАЙ
 
Суреттерді ұсынған – «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Заңды мекенжайы:
Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 119
 
Телефоны:
8 (7142) 26-72-28
 
Электронды мекенжай:
miras2020@mail.kz
miras_dkost@mail.kz
 
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру