✨ «JAS star.kst» III қалалық шығармашылық байқауының Гала-концерті өз мәресіне жетті! ✨

11 сәуір күні сағат 16:00-де талантты вокалистер мен би ұжымдарын біріктірген жарқын әрі әсерлі гала-концерт өтті. Сахна эмоцияға, шабытқа және шынайы өнерге толы болды! Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберліктерін, харизмаларын және шығармашылыққа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
🎤 «Вокал» номинациясы:
🥉 3 орын – Нуржан Куандыков (Әулиекөл ауданы) – 150 000 теңгеге сертификат
🥈 2 орын – Мухтар Аружан (Қостанай қаласы) – 300 000 теңгеге сертификат
🥇 1 орын – Мухаммади Жандос (Лисаковск қаласы) – 500 000 теңгеге сертификат
🏆 БАС ЖҮЛДЕ – Едрес Әбілмансұр (Тобыл қаласы) – 1 000 000 теңгеге сертификат
💃 «Хореография» номинациясы:
🥉 3 орын – «RAUAN» хореографиялық ұжымы, жетекшісі Андрей Круглов – 150 000 теңгеге сертификат
🥈 2 орын – «Kinder» би ұжымы, «Home Dance Studio» би студиясы, жетекшісі Владислав Сахно (Қостанай қаласы) – 300 000 теңгеге сертификат
🥇 1 орын – «Flawless» би ұжымы, «Home Dance Studio» би студиясы, жетекшісі Владислав Сахно (Қостанай қаласы) – 500 000 теңгеге сертификат
🏆 БАС ЖҮЛДЕ – «DIAMONDS» үлгілі ансамблі, жетекшісі Евгения Орлова (Бейімбет Майлин ауданы- 1 000 000 теңгеге сертификат
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жарқын өнерлері мен ұмытылмас атмосфера үшін алғыс білдіреміз!
«JAS star.kst» жаңа есімдерді ашып, жұлдыздарды жарқырата бермек! ⭐

