- ОҚИҒАЛАРДЫҢ КАЛЕЙДОСҚОПЫ
-
БАЙҚАУЛАР МЕН ФЕСТИВАЛЬДАР
-
ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ
-
ӘДІСТІМЕЛІК ЖИНАҚ
-
БАЙҚАУЛАР ЕРЕЖЕЛЕРІ
- ІС-ШАРАЛАР АНОНСТАРЫ
-
ТЕГТЕРDala FestKPIАбай — ұлт руханиятының темірқазығыАйтысАуыл тынысыАхмет Байтұрсынұлы – 150 жылБаспасөз ХабарламасыДеген екенДомбыра күніЕлге сәлемЖеңімпаздарЖыр маржанЖұмыс — білекте_өнер — жүректеЗерделеуКездесулер мен презентацияларКонцертМіржақып Дулатұлының туғанына 140 жылМарапаттауМәдени мұраТеатр әлеміндеТобыл-Торғай әуендеріХалық ақыны Әсия Беркенова 75 жастаШығармашылық кешЫнтымақтастықҚазақтың дәстүрлі 1000 күйіҚұттықтаймыз!Ән — көңілдің ажары
ДК нұсқасы
Установить приложение


Дәстүрлі күй мен заманауи орындаушылық шеберлікті үйлестіретін бұл кеш ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Әрбір шығарма домбыраның қос шегінен төгілген сырлы әуен арқылы тыңдарманның жүрегінен жол тапты. Күйші сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігі арқылы ұлттық өнердің қадір-қасиетін айқын көрсетті. Оның әрбір қағысы мен иірімі қазақ даласының кеңдігін, халықтың тарихы мен тағдырын бейнелегендей әсер қалдырды. “Гастрольдік алғашқы сапарымда Алаш арыстары дүниеге келген Тобыл-Торғай өңірінен бастауды жөн көрдім. Концертке жиналған ағайынға алғыстан басқа айтарым жоқ. Ұлттық өнерді насихаттау өнер жолындағы өмірлік парызым”, - дейді күйші. Кешке жергілікті “Мирас” фольклорлық ансамблі, Жайықтан күйшімен бірге келген белгілі өнерпаздар Берік Амантаев пен Жасұлан Базарбаев қатысып, кештің әсерін еселей түсті. Сонау Атыраудан ат терлетіп Қостанай төріне жеткен өнер иесіне Қостанайдың мәдениет саласының өкілдері ризашылығын білдіріп, шапан жауып, алғыс хат табыстады.













