
25 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайында Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына және Республика күніне орай Абай Әмірханов, Назымбек Молдахметов, Қалибек Деріпсалдин атындағы «Тобыл толқыны» III қалалық командалық ашық байқау-фестивалінің Гала-концерті өтті.
Жүргізуші: Далабай Жанарыс
Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – «Арқа сазы» ансамблі, Арқалық қаласы иеленіп 500 000 теңге көлемінде сертификатпен марапатталды.
🥈 II орын – «Тобыл сазы» Тобыл қаласы командасына беріліп, 350 000 теңге көлемінде сертификат табысталды.
🥉 III орын – «Қоңыр» ансамблі, Рудный қаласы командасы жеңіп, 150 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және 50 000 теңге көлемінде сертификаттармен марапатталды.
#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл




