#REPOST @assambly_kst 🎉Сити-орталықта Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік концерт өтті!
Қостанайлықтардың алдында қаланың вокалдық және хореографиялық ұжымдары өнер көрсетті. Ерекше қонақтар - облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдары болды.
Сахнада қазақ, орыс,әзірбайжан және украин тілдерінде әндер шырқалып, көрермендер қызу лезгинка биіне қол соқты.
Концерттің шарықтау шегі - достық биі болды. Бұл қойылым мереке, бірлік пен бейбітшіліктің шынайы нышанына айналды.
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгі бейбітшілік пен келісімде өмір сүре берсін! 🇰🇿
#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл