Бүгін, 4 маусым күні сағат 18:00-де желілік орталықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Біздің рәміздер-біздің мақтанышымыз!" атты концерттік бағдарлама өтті
Мерекелік бағдарламаға: "Мирас" қазақ халық аспаптарының фольклорлық-этнографиялық ансамблі; Сәуле Жұмабай; "Салтанат" би ансамблі; Оксана Шум; "Надежда" халық би ансамблі; Қанат пен Әсем Ражановтар отбасылық дуэті; "Ай-Наз" хореографиялық ансамблі; Нұржан Жақсан; "Ақ - Кербез" хореографиялық ансамблі; Анвар Оспанов; Күнсұлу Жақаева; Зарина Қүлмұхамбетова; "Лучики Надежды" вокалдық ансамблі; "Орда" би ансамблі; "Artist" шығармашылық академиясы; Ерболат Жазықпаев пен Ерлан Сапаров қатысты.
Іс-шараны Ерлан Сапаров пен Ажар Ермағанбетова жүргізді.
Концерт Отанымыздың Мемлекеттік рәміздері үшін бірліктің, патриотизмнің және мақтаныштың нағыз мерекесі болды.







