Зухра Өтепбергенқызын кәсіби шеберлігіне, көшбасшылығына және іске адалдығына берілген жоғары бағамен құттықтаймыз!
Бүгін, 23 мамырда «Өнеріміз саған, Қазақстан!» XXXVII байқау-фестивалінің гала-концерті аясында. Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
«Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры Зухра Өтепбергенқызы Иманова облыстың халық шығармашылығы мен мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қостанай облысы әкімінің грамотасымен марапатталды.