9 мамырда Жеңіс саябағында 11:00 - 12:00 Жеңіс күніне арналған еске алу митингі өтті
Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында өткен шара ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін, мемлекеттік органдардың өкілдерін, жастар мен қала тұрғындарын жинады. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, басына бейбіт аспан сыйлаған батырларға алғыс сөздер айтылды. Бағдарламаға солист Зарина Қүлмұхамбетова, "Алтынай" би ансамблі, қазақ драма театрының әртістері, №24 орта мектептің оқушылары қатысты.
Жүргізушілер: Евгений Сотников, Ажар Ермағанбетова.