Сағат 18:00-ден 19: 00-ге дейін сахнада А.Евсюковтың жетекшілігімен эстрадалық-джаз оркестрі өнер көрсетті

Түпнұсқа аранжировкада танымал эстрадалық және патриоттық композициялар шырқалды. Қала тұрғындары мен қонақтары жанды дауыста орындалған өнерді ыстық ықыласпен қабылдап қошеметпен ризашылықтарын білдірді.
Жүргізушілер: Евгений Сотников, Ажар Ермағанбетова.
Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушылар мен көрермендерге мерекелік және бірлік атмосферасы үшін алғыс айтамыз!