#REPOST @marat_zhundubaev 8 Наурыз қарсаңында коммуналдық кәсіпорындар – «ҚЖЭК» ШЖҚ МКК және «Қостанай Су» ШЖҚ МКК, сондай-ақ қала полиция басқармасының ұжымдарында еңбек ететін аруларды келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтадым
Аталған үш ұйымның құрамында 700-ден астам әйел жұмыс істейді. Олар демалыс және мереке күндеріне қарамастан, өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқарып, қаланың үздіксіз қызметін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Құрметті ханымдар! Сіздердің әр күніңіз қуанышқа, жылулық пен махаббатқа толы болсын! Барлық армандарыңыз орындалып, жақындарыңыз сізді әрдайым қамқорлық пен назарға бөлесін!