✨ 1 наурыз күні сағат 14:00-де ГДК "Мирас" мәдениет үйінде Алғыс айту күніне арналған "Жүректен жүрекке" концерттік бағдарламасы өтті! ✨

Бұл мерекелік күнде көрермендер өнер мен мейірімге толы ерекше атмосфераға бөленді. Көрермендерді өздерінің жарқын өнерлерімен "Карнавал" би ансамблі және талантты әнші Николь Искандирова қуантты.
Концерттік бағдарламаны Алтынай Каримова жүргізді. Өнерпаздарға шабыт пен ерекше эмоция сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз!
Бұл концерт шынайы бірлік пен ризашылық мерекесіне айналды! ❤️