#REPOST @culture_qostanai Тобыл-Торғай төрінде тақ-тақ ақын Нұржан Наушабайұлы атындағы «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» республикалық жыршы-термешілер, дәстүрлі ән фестивалі жоғары деңгейде өтті
Өнер кешін белгілі жырау, іс-шараның басты қонағы – Алмасбек Алматов ағамыз өзі жүргізіп, тізгіндеді.
Ашылуында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Дәулетұлы жылы лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді. Жыр фестивалінің құрметті қонағы Алмас ағамыз осы жобаны бес жыл бойы қолдап, жанашырлық танытып келеді. Ол кісіге алғысын білдіріп, иығына шапан жапты.
Өнер кешінде Алмасбек Алматов пен дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова бастаған жыршы-термешілер өнерлерін көрсетіп, жырдан шашу шашты. Нұржан бабамыздың кемел мазмұнды әндерін, жырларын жаңғыртты. Дәстүрлі әнді дәріптеп, халық әнін әуелетті.
Дәстүрлі ән фестиваліне арнайы келіп өнер көрсеткен қонақтарымызға алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.