Бүгін "Тобыл толқыны" атты II ашық қалалық байқау - фестивалі өтті, оған Қостанай қаласы мен Қостанай облысының өңірлерінен 6 ансамбль, 16 домбырашы және 7 әнші қатысты
Байқау үш бағытта өтті:
1.Абай Әмірханов атындағы Қазақ халық аспаптары ансамбльдерінің байқауы;
2.Назымбек Молдахметов атындағы домбырашылар байқауы;
3.Қалибек Деріпсалдин атындағы ән орындаушылар байқауы.
Байқауға Қазақстанның белгілі еңбек сіңірген музыка өнерінің қайраткерлері шақырылды:
Нүркен Әшіров – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік стипендия лауреаты, композитор, дирижер (Алматы қ.)
Жәнібек Жәмиев - «Ерен еңбегі үшін» ҚР медалінің иегері, «Men Qazaqpyn» мегажобасының гран-при иегері, «Үздік күйші-2018» (Атырау қ.);
Абылай Тілепбергенов - Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптарының бас дирижері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2018ж), домбырашы, күйші, Қазақ музыка консерваториясының музыкалық педагогы (Алматы қ.);
Талғат Молдағалиев - "Ерен еңбегі үшін" республикалық мемлекеттік медалінің иегері, Қостанай қаласының халық әншісі;
Ыбырай Есжанов - республикалық байқаулардың лауреаты, "Ақжелен" ансамблінің жетекшісі.
Байқау нәтижелерін бүгін сағат 17.00 - де Гала-концертте білетін боламыз.