Қарттар күніне арналған айлық аясында қалалық ардагерлер кеңесі белсенді ұзақ өмір сүруді насихаттау, қарт адамдарға деген оң және құрметті көзқарасты қалыптастыру мақсатында алғаш рет үздік зейнеткер байқауын жариялады
Олардың еңбек және қоғамдық жұмыс тәжірибесі ескерілді. 1-орынды қалалық «Мирас» қалалық мәдениет сарайының «Ақдариға» халық хорының әртістері, сондай-ақ белсенді де тату-тәтті Арыстановтар отбасы (Мақсат Жүнісұлы мен Райхан Ақанқызы) жеңіп алды. Оларға шын жүректен денсаулық, амандық және ұзақ өмір тілейміз.