Биыл қала күні баршамыз үшін ерекше болмақ. Қостанай өзінің 145 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл туралы қала әкімі Марат Жүндібаев әлеуеттік желіде жазба қалдырды.
Қала күніне арналған ауқымды мерекелік шаралар 13 тамызда басталып, бір аптаға жуық уақытқа созылады.
“Қала қонақтары Қостанайға келгеннен кейін әуежай мен вокзалда «Қош келдіңіздер, Қостанайға» акциясы ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын әртістердің шағын аудандардағы қойылымдары күтіп тұр. Фестивальдар, концерттер, конкурстар, жәрмеңкелер, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, экскурсиялық автобустар, спорт түрлері бойынша жарыстар және мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары өтеді”, – деді әкім.
Қостанайдағы мерекенің ең жарқын оқиғаларының бірі гала-концерттер – қазақ эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өтетін ашық аспан астындағы музыкалық шоу болады. Онда Роза Рымбаева, Тұрар Ыдырыс, Манарбек Жұматай, Жандәурен Аблаев, Бауыр Бимурзин, Adam, “Shamis”, “FRANKY REY” топтары өнер көрсетеді.