#REPOST @marat_zhundubaev ✅ Құрметті қостанайлықтар және қала қонақтары! Биылғы жылы қала күні баршамыз үшін ерекше болмақ – Қостанай өзінің 145 жылдық мерейтойын атап өтуде!
Қала күніне арналған ауқымды мерекелік шаралар 13 тамызда басталып, бір аптаға жуық уақытқа созылады. Қала қонақтары Қостанайға келгеннен кейін әуежай мен вокзалда «Қош келдіңіздер, Қостанайға» акциясы ұйымдастырылады.
Қостанай өз тұрғындары мен қонақтарын түрлі қалалық алаңдарда - әртістердің шағын аудандардағы қойылымдары, фестивальдар, концерттер, конкурстар, жәрмеңкелер, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, экскурсиялық автобустар, түрлі спорт түрлері бойынша жарыстар және мәдени, спорттық және ойын-сауық іс-шараларымен қарсы алады.
Қостанайдағы мерекенің ең жарқын оқиғаларының бірі гала-концерттер – қазақ эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өтетін ашық аспан астындағы музыкалық шоу болады.