2024 жылдың 5-7 шілдесі аралығында Челябі облысы, Пластовский ауданы, Демарино кентінің жанында 30 (отызыншы) мерейтойлық Бүкілресейлік Бажовский фестивалі өтті
Оған Ресейдің түкпір-түкпірінен және көршілес елдерден 240-тан астам ұжым қатысты. Фестивальдің ауқымы әсерлі болды. Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" мәдениет орталығы атынан Галина Игнатьевна Смирнова жетекшілік ететін "Казачья Воля" орыс, казак және славян әндерінің ансамблі қатысты. Олар фестивальдің тұрақты қатысушылары. Ал биыл өнерпаздар барын салып, "Казаки на Бажовке" байқауына қатысып бірінші орынға ие болды. Бұл ансамбльдің осы фестивальдегі екінші жоғары марапаты. 2022 жылы "Казачья Воля" ансамблі де бірінші орынды иеленді. Енді ұжымның алдында одан да зор мақсаттар тұр, оған бір жыл бойы дайындалуы керек. Шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!!!