2024 жылдың 04 маусымында қала орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік концерт өтті
Концерттік бағдарламада Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС әртістері: Әнуар Оспанов, Қанат және Әсем Ражановтар отбасылық дуэті, Ерлан Сапаров, Нұржан Жақсан, Азамат Ибраев, Диас Кенжегарин, "Вечерки" дуэті, А.Губенконың жетекшілігімен муниципалды үрмелі оркестр, "Мирас" қазақ халық аспаптар фольклорлық - этнографиялық ансамблі, «Лучики Надежды» вокалдық ұжымы, «ARTIST» шығармашылық Академиясы жетекшісі Айсұлу Туткушева, "Вдохновение" би ансамблі, солист Сұлтан Сұлтанғалиев және де қалалық музыка мектебінің оқушылары қатысты.




