Қазақстан мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, әріптесіміз, дәстүрлі әнші, Республикалық байқаулардың лауреаты, "Мирас" қазақ халық аспаптары фольклорлық ансамблінің солисі – Күнсұлу Әнуәрбекқызы Жакаева «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Зор денсаулық, мықты өмірлік қуат және өмірдің барлық салаларында амандық тілей отырып, шын жүректен құттықтаймыз.