2024 жылғы 13 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС ұжымы Медина Наженоваға арналған қайырымдылық концертін өткізді. (диагнозы: ауыр дәрежелі спастикалық диплегия).
Концерттік бағдарламаға: "Мирас" фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Евгения Титованың би мектебі, Nota fest тобы жетекшісі Аслан Өтебаев, "Эстель" би студиясы, «Лучики надежды» вокалдық ұжымы, көрермендерге ұнайтын әртістер: Азамат Ибраев, Нұржан Жақсан, Диас Кенжегарин қатысты.
