Бүгін, 12 қыркүйекте Қазақстанда жергілікті әскери басқару органдарының күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай Қостанай облысы бойынша қорғаныс істері департаментімен бірлесіп, өңіріміздің үздік әскери қызметшілері мен запастағы офицерлерді марапаттай отырып, салтанатты іс-шара өткізілді. "Мирас" мәдениет сарайының қызметкерлері мен әртістері және "Жұлдыз", "Ты – супер" балалар шығармашылығы студияларының қатысуымен концерттік бағдарлама өткізді.