Құрманғазының күйі «Аман бол, шешем, аман бол» «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде
05.06.2023
112
0
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
Бұл күй Құрманғазының "тар жол тайғақ кешу" қарсаңында, яғни Орда түрмесінен қашып шығып, "барар жері де, басар тауы да" белгісіз, осы сапарынан орала ма, жоқ па деген күмәнді жағдайда туындаған. Мұның ауырлығы сонша, біріншіден, бұл тұңғыш тұтылу және қашан келерін де білмейтіндігінде. Сондықтан да, бұл сазгердің анасынан тұңғыш рет айырылып, 6 жыл (1857-1863) бойына белгісіз кеткен кезеңде пайда болған туынды.
Күйді орындаған «Мирас» фольклорлық – этнографиялық ансамблінің әртісі Ыбрай Есжанов, халықаралық және республикалық байқауларының лауреаты.