18 наурызда "Қостанай плаза" СОО –да Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өткізілді.
19.03.2023
328
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Мәдениет қайраткері Губенко Алексей Алексеевичтің жетекшілігімен муниципалды үрмелі аспаптар оркестрі көрермендерге бір сағаттық бағдарлама ұсынды. Сондай-ақ, бағдарламаға халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Зарина Құлмұхамбетова мен "Мирас" ҚМС әртісі Нұржан Жақсан қатысты.
Сол күні "Наурыз" СОО-да концерт өткізілді . Мұнда Айгүл Тимербекованың "Жұлдыз" балалар студиясының тәрбиеленушілері және Светлана Сейлованың "Фаворит" студиясы қатысты.
17 наурыз күні "Дружба" тұрғын алабында мерекелік концерт өтті.