Бүгін, 18 қаңтарда "Мирас" қалалық мәдениет сарайының директоры З.У. Иманова "Мирас" МС ұжымымен және оның 1 - ші филиалымен, шығармашылық ұжымдар басшыларының, әртістердің, әкімшілік персоналдың қатысуымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында З. У. Иманова негізгі көрсеткіштерді, 2022 жылғы жетістіктерді атап өтті.
Кездесу барысында 2023 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.