21 қазан сағат 16.00-де «Мирас» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Концерттік бағдарлама басталар алдында қаланың мемлекеттік қызмет, әлеуметтік және өнеркәсіптік-өндірістік салаларының қызметкерлерін марапаттау рәсімін өткізді.
Әрі қарай шығармашылық ұжымдардың қатысуымен үлкен концерт өтті: «Вдохновение» би ансамблі, «Алтынай» халықтық үлгілі би ансамблі, «Ерке наз» бал би ансамблі, «Эстель» би студиясы, «Маленький орел» Кавказ би ансамблі, «Мирас» халықтық аспаптар фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Әсем және Қанат Ражановтыр отбасылық дуэті, саксофоншылар ансамблі, камералық хор, «Артист» шығармашылық мектебі, солист Айслу Тұтқышева, дуэт Асем Исмағамбетова мен Ерболат Жазыкпаев, дуэт Анастасия Пикулева және Зарина Кульмухамбетова. Іс-шараның жүргізушілері Евгений Сотников пен Диана Тұрсынова болды.
Концерттік бағдарламаға қатысқан барлық әртістерге, ұжым жетекшілеріне, 19 мектеп оқушыларына белсенді қатысқаны және жемісті жұмысы үшін алғыс айтамыз.