Әң өнерінің майталмандары Асхат пен Дидар бүгінде қазақ сахнасынан өз орындарын тапты. Олардың өнері мен шығармашылығын жанкүйерлері үнемі бақылап отырады. Шыңғысовтар отбасылық дуэті 2016 жылы құрылды. Олар облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері. Жұлдызды жұптың репертуарында патриоттық және әр түрлі жанрдағы әндер бар.