2024 жылдың 20 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде қазақтың ұлы композиторларының бірі - «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Өткен және қазіргі ән» аймақтық фестивалі өтті. Кеш барлық қатысушыларды музыка мен өнер әлеміне апаратын әдемі әуендер мен әндерге толы болды. Фестиваль қатысушылары көрермендерді өздерінің таланттарымен және музыкаға деген құштарлығымен қуантып, көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды. Аймақтық фестивальге Денисов, Қамысты, Б.Майлин аудандары мен Жітіқара қаласынын өнерпаздары қатысты.