Елбасының бастамасымен қабылданған "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында бүгінгі таңда ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі және бірегейі "Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасы. "Дәстүр мен ғұрып" жобасы- ұмыт болған, бірақ ізгілік және тәрбие құндылығы тұрғысынан қәзіргі заманда өзекті болып отырған дәстүрлерді қайта жандандыруға, қазақтың ұлттық асханасының ерекшеліктері мен құндылықтарын кеңінен дәріптеуге бағытталған. Арнайы жоба аясында Алтынсарин аудандық мәдениет үйі сәуірдің жиырма бірінші жұлдызында "Дәстүрді дәріптейік" оқушылар арасындағы интеллектуалды викторинасы өткізілген болатын. Викторинаның негізгі мақсаты оқушылар арасында халқымыздың ежелден келе жатқан салт дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен тарату, рухани қазық болатын білімді насихаттау. Оқушылар іс-шара барысында өз білгендерімен бөлісіп, білмегендерін біліп, білімдерін сынап қайтты. Салт-дәстүрлеріміз халқымыздың, өскелең ұрпақтың санасында мәңгі қалуы тиіс, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәдени мұрамыздың қашанда мәртебесі биік екенін ұмытпайық.